- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Тәжібаева: Бүгінде тұрақты даму идеясын насихаттауда музейлердің рөлі зор
Т.Тәжібаева: Бүгінде тұрақты даму идеясын насихаттауда музейлердің рөлі зор
«Табиғи және мәдени мұралар бүгінде заманауй өркениеттің базалық құндылықтары болып отыр. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуде шешуші рөлді өзге емес, осы мұралар атқарады. Бүгінде тұрақты даму негізгі үш бағытты біріктіретін құндылықтар деуге болады. Олар: экономика, экология және әлеуметтік сала. Біз бүгінгідей 21 ғасырдың қауіп-қатерлеріне белсенді қарсылық көрсетіп жатқан тұстың өзінде тұрақты даму туралы айтып жатырмыз. Ал, әлемдік құрылыстағы құндылық – адамның үйлесімді дамуы, әлемнің құндылықтарына жауапкершілікпен қарап, оны бағалай білуі болып табылады»,-деді Т.Тәжібаева.
Оның сөзінше, осы тұрғыдан алғанда тұрақты даму идеясын насихаттауда музейлердің рөлі өте зор деуге болады.
«Музейдің тұжырымдамасы бүгінде қандай да бір тарихи артефактілердің қоймасы ғана емес, бұл алаң, форум, бүгінде музей дегеніңіз кеңістік. Біз онда рухани-адамгершілік құндылықтарға, белсенді азаматтық көзқарасы болатындай, тұрақты даму үдерістерін басымдық ретінде танитындай етіп тәрбиелеуіміз керек»,-деді ол.
Анар Тәңірқұлова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты