• Басты
  • Жаңалықтар
  • Құрлық әскерлерінің әскери институтының курсанты «Жас қыран» ағылшын тіліндегі тілдескішті ойлап тапты

Құрлық әскерлерінің әскери институтының курсанты «Жас қыран» ағылшын тіліндегі тілдескішті ойлап тапты

12 Қазан, 2013 12:57
Тілдескішті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқитын курсант Жүнісов Нұрсұлтан құрастырған, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ағымдағы жылы Қазақстан халқына Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын  2020 жылға қарай 95%-ға жеткізу, 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін қазақстандықтардың саны кемінде 20%-ды құрауы қажеттілігі айтылған болатын. Мемлекет басшысы көтерген елдің бәсекеге қабілеттігін арттыру жолындағы маңызды шаралардың бірі болып табылатын «Тілдердің үштұғырлылығы» мәселесі Қарулы Күштерде қызу қолдау тауып, оны іске асыруға нақты қадамдар жасалуда», - деп 4 курс студенті  Нұрсұлтан Жүнісов атап өтті.  

Хабарламада айтылғандай, ұсынылып отырған қазақ-ағылшын тілдерінің тілдескіші ағылшын тілін өздігінен оқып үйренуге арналған. Бұл тілдескіш мазмұнындағы “Менің жанұям, өзім туралы”, “Күнделікті ағылшын тілі (күн тәртібі, тағамдар, дүкен аралау)”, “Елтану және мәдениет (Kazakhstan, England, USA)”, “Әскери сала”, “Қарулы Күштер”, “Тарихи тұлғалар”, “Біздің қаһармандар”, “Әскери хат қоржыны” тақырыптары әскери қызметшілерге ағылшын тілін жан-жақты үйреніп білуге көмектеседі.

 

Барлық жаңалықтар