- Басты
- Жаңалықтар
- Жапония елшісі ҚР Мемлекеттік хатшысына Токиода өтетін ІІ Бүкіләлемдік әйелдер конференциясына шақыруын табыс етті
Жапония елшісі ҚР Мемлекеттік хатшысына Токиода өтетін ІІ Бүкіләлемдік әйелдер конференциясына шақыруын табыс етті
Кездесуге сондай-ақ Қазақстан тарапынан – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Мәжіліс депутаты Е.Тарасенко, жапондық тараптан – Парламенттік білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология аға вице-министрі М.Фудзии, Мәдениет агенттігінің дүниежүзілік мұралар жөніндегі бөлімінің директоры Т.Окамота қатысты.
Кездесуді ашқан Мемлекеттік хатшы Жапония Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екеніне тоқталды. Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының 2008 жылдың маусым айында Жапонияға жасаған сапарының нәтижесі стратегиялық серіктестікті нығайтуға ықпал еткенін айрықша атап көрсетті. Ол Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жекеменшік секторларының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының қызметін жоғары бағалады. Мәселен, 2014 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. долларды құрады.
Әңгіме барысында әлеуметтік-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды. Г.Әбдіқалықова екі ел халықтарының артып келе жатқан өзара мүдделестігі жағдайында мәдени алмасулардың маңыздылығына ерекше тоқталып, мәдениет саласында екіжақты келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар тараптар гендерлік теңдік мәселелерін, соның ішінде 1995 жылы өткен БҰҰ-ның әйелдер ахуалы жөніндегі төртінші бүкіләлемдік конференциясында қабылданған Пекин декларациясы және Іс-қимылдар тұғырнамасы аясындағы мәселелерді талқылады.
Кездесу соңында Жапония елшісі Мемлекеттік хатшыға Жапонияның Премьер-Министрі С.Абэнің биыл тамыз айында Токиода өтетін ІІ Бүкіләлемдік әйелдер конференциясына шақыруын табыс етті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері