- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 3-6 жас аралығындағы балалардың 78,6%-ы мектепке дейінгі оқумен қамтылған - Ісімбаева
Қазақстанда 3-6 жас аралығындағы балалардың 78,6%-ы мектепке дейінгі оқумен қамтылған - Ісімбаева
Отырыс барысында мектепке дейінгі білім мәселелері қаралды, атап айтсақ, мектепке дейінгі біліммен қамтуды қамтамасыз ету бойынша Сайлауалды платформа көрсеткіштерін жүзеге асыру, балабақшалар құрылысы мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерін педагог карлармен қамтамасыз ету мәселелері.
Партиялық куратор Г. Ісімбаева мемлекеттің азаматтардың мектепке дейінгі білімге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Оған 3 жыл ішіндегі платформаны жүзеге асыру көрсеткіштері дәлел. Бүгінгі таңда 3-6 жасқа дейінгі балалардың 78,6%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекемелерді бірінші және жоғары санатты педагогтардың үлесі 27% құрайды, 2017 жылға қарай білікті педагогтар үлесі 31,2% жететін болады.
«Нұр Отанда» атап өткендей, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша балабақшалар құрылысы, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыру балабақшалардағы орындар тапшылығын қысқартуға және мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.
Астана, Алматы қалалары мен Алматы және Маңғыстау облыстарының білім басқармаларының басшылары балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу бойынша алда тұрған міндеттері туралы әңгімеледі.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ ҚР-дағы Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесін дамыту мәселесін де талқылады. ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ өкілі мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі туралы заң қабылданғалы бері елде 10,5 мыңнан астам қор ашылғанын, соның ішінде шамамен 7 мыңдай қордың балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне ашылғанын атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды