Ұлттық музей ашылған 10 айдың ішінде оны 160 мың адам тамашалаған - Д.Мыңбай

13 Мамыр, 2015 12:09
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында 10 айда 160 мың адам болды, оның 10 мыңы шетелдіктер, деді музейдің директоры Дархан Мыңбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Ұлттық музейге ерекше қызығушылық танытылуда. Музейдің ашылғанынан 1 жыл да болған жоқ, ал онда 160 мың адам боолды, олардың 10 мыңы шетелдіктер. Мұндай қызығушылық Қазақстанның тұрақты дамуына байланысты болып отыр. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында мұнда тұрақтылық, бейбітшілік пен біздің бірлігіміз»,-деді Дархан Мыңбай.

Оның сөзінше, музейді ең басты мақсаты қазіргі Қазақстанды үлкен тарихы бар мемлекет екендігін елге таныту.  

«Біздің басты мақсатымыз – елімізді үлкен тарихы бар, қазіргі таңда заманға сай қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде таныта білу. Біз өзіміздің тас ғасырынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмірін және тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін көрсетуге тырыстық»,-дейді ол.  

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар