- Басты
- Жаңалықтар
- Нью-Йоркте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған форум өтті
Нью-Йоркте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған форум өтті
Шараның бас спикері ретінде сөз сөйлеген АҚШ-тағы Қазақстан Елшісі Қайрат Омаров америкалық бизнес үшін Қазақстанда бар мүмкіндіктер туралы айтып берді. Атап айтқанда, қазақстандық дипломат елдегі қолайлы инвестициялық климат, саяси тұрақтылық және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі ұзақ мерзімді жоба-жоспарларға тоқталды.
Оның пайымдауынша, жақында өткен Президент сайлауының қорытындылары Қазақстан халқының Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050», «Нұрлы жол» секілді стратегиялар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жолын бірауыздан қолдауын көрсетті.
Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы мен Еуропа-америкалық іскерлік ұйымының Дүниежүзілік сауда апталығын атап өту аясында бірлесіп өткізген форумы кезінде Қазақстан жобаларына америкалық капиталды тарту мәселелері қарастырылды. Инвестициялық әріптестік жөнінде сөз қозғаған Қазақстандағы Даму банкі директорлар кеңесінің мүшесі Марсиа Фавале-Тартар «Халықтық IPO» бағдарламасының ҚР азаматтарының ұлттық компанияларды жекешелендіру мен кәсіпкерлік әрекетті дамыту жолында белсенділік танытуына зор мүмкіндіктер ашып отырғанын атап өтті.
Шара қатысушыларына Қазақстандағы жеңілдетілген виза жүйесі жөнінде толық мағлұмат берілді. Нью-Йорктегі Бас консул Раушан Есболатова 5 жылдық виза алу рәсімдері туралы айтып берді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта АҚШ азаматтары Қазақстанда визасыз 15 күнге дейін жүре алатындығы белгілі.
Интерактивті форматта өткен форум барысында қатысушылардың «Жібек Жолы» өңіріндегі геосаясат және туризм тартымдылығына қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндігі болды. Оларға Қазақстан түрлі кітаптар мен ҚР инвестициялық қызметінің басым бағыттарына туралы ақпараттық басылымдар таратылды. Шараға қатысқандардың көбісі осындай басқосулар Қазақстандағы саяси, экономикалық жағдайлар төңірегінде мол ақпарат алуға және АҚШ корпорацияларының Қазақстанға келу жөнінде шешім қабылдауына өте пайдалы екенін атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары