• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев: Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында сауда кедергісі жойылды (ФОТО)

Ә.Исекешев: Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында сауда кедергісі жойылды (ФОТО)

13 Мамыр, 2015 11:24
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында сауда кедергісі жойылды, ол Иран арқылы өтетін темір жолдың салынуы арқасында шетттілді, деді Астанада Қазақстан-Сауд Арабиясы бизнес форумында инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

«Қазақстан Кедендік одақ және ЕАЭО мүшесі болып есептеледі. Егер де осыған дейін Қазақстанға келгенде нарықта 17 млн адам болса, қазір 157 млн адамдық нарыққа түсесіздер. Ресей, Беларусь елдерінде қызмет істей аласыздар. Қазақстан Иран, Парсы шығанағы арқылы темір жолды салды. Осы жолдың жоқтығында бізде сауда саласында болған кедергілер жойылды», - деді министр.

Ә.Исекешев атап өткендей, Қазақстанның реформалық бағдарламалараның бірі заңдық басымдылық, инвесторларға жасалатын құқықтық жағдай мен халықаралық қаржы орталығы мен халықралық төрелік соттың пайда болуы.  «Біздің заңда басым салалардағы инвесторларға заңнаманың өзгеруі, субсидия арқылы кәсіпорынды қолдауға кепілдік береміз», - деді ол.

Өз кезегінде Ә.Исекешев атап өткендей, Қазақстан өзге елдермен ынтымақтастық жүргізуге мүдделі, «Нұрлы жол» бағдарламасының инвестициялық саясатын асыруға қызығушылық танытуда.

«Біздің Президентіміз «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясат жөнінде мәлімдеді, ол бірінші кезекте елімізде жүйелі реформалар жүргізіп, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасап, әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіруге, аймақтың тартымдылығын арттыратын жағдайлар жасауға, осы өңірдегі елдер үшін бизнес пен инвестицияның хабіне айналуға бағытталған»,-деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанның астанасында қазақстандық-саудтық бизнес-форум өтіп жатыр және оған екі елдің кәсіпорындары мен ұйымдарынан, мемлекеттік органдар мен даму институттарынан және бизнес-қауымдастықтарынан 300-ге жуық азаматтар қатысуда. 
  
Индира Кауметова

Фото Азамат Алиев

Барлық жаңалықтар