- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмолалық оқушылардың ғылыми жобалары Мәскеуде өткен халықаралық байқауда үздік деп танылды
Ақмолалық оқушылардың ғылыми жобалары Мәскеуде өткен халықаралық байқауда үздік деп танылды
Жалпыға бірдей білім беру мектептерінің 7-11 сынып оқушылары мен орта кәсіби білім беру орындарының арасында «Математика және жобалау» атты халықаралық байқау ұйымдастырылып, шара Мәскеудегі Әлеуметтік басқару академиясының базасында өтті. Оған Қазақстан, Болгария, Ресей мемлекеттерінің өкілдері қатысты.
Интеллектуалды байқау дарынды оқушыларды анықтап, олардың өсіп-өркендуі мен дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Байқау екі кезеңнен тұрады: ұлттық және халықаралық. Жас ғалымдар онда «Қоғам мен табиғаттағы нақты үдерістердің математикалық үлгілері», «Геометриялық миниатюралар», «Математика мен өнер», «Математика ғылымы», «Электронды тақырыптық журнал», «Кәсіби мақсатты міндеттерді шешу үшін математикалық тәсілдерді қолдану» сияқты аталымдар бойынша өздерінің еңбектерін қорғады.
Онда Қазақстаннан барлығы 195 ғылыми-зерттеу жобалары ұсынылған болатын, оның 6-уы Ақмола облысының оқушыларынікі. «Қоғам мен табиғаттағы нақты үдерістердің математикалық үлгілері» аталымы бойынша Бурабай ауданының Шортанды қаласының мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Маргарита Козиктің «Фибоначчи сандары табиғатта» атты еңбегі бірінші орынды жеңіп алды.
Целиноград ауданының Қараөткел ауылының №6 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бахтияр Рахметовтың «Математика және өнер» жобасы да 1-ші орынға лайықты деп табылды.
Байқаудың жабылу рәсімінде байқауға қатысушылар болгар және қазақ әндерін шырқап, өздері жазған өлеңдерді оқып, би билеп, шараның жабылу рәсімін есте қаларлықтай етіп өткізді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды