• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев: Қазақстандық-саудтық бизнес форум саудтық кәсіпкерлердің Қазақстанға деген көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік береді

Ә.Исекешев: Қазақстандық-саудтық бизнес форум саудтық кәсіпкерлердің Қазақстанға деген көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік береді

13 Мамыр, 2015 11:07
Қазақстандық-саудтық бизнес-форум Қазақстанға инвесторларды тартады, саудтық бизнесмендердің өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді, аталмыш өңірге деген көзқарасын кеңейтеді, деді ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Астанадағы Қазақстан-саудтық бизнес-форум барысында.

«Алдағы бірнеше жылда біз инфрақұрылымға, оның әр түріне үлкен инвестициялар тартуды жоспарлап отырмыз. Егер әлеуетті салалар, біздің ынтымақтастығымызда барынша маңызды болуы мүмкін салалар туралы айтсақ, онда біз ол ең алдымен, мұнай-химия, химия, тау-металлургия саласы, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі дер едік. Және мен бұл форум инвесторларды Қазақстанға қызықтырады, аталмыш өңірге деген көзқарастарын кеңейтеді деп сенемін»,- деп мәлімдеді министр. 

Ә.Исекешев атап өткендей, Қазақстан көлік логистикасын өте қарқынды түрде дамытып жатыр, әсіресе Қытай мен Еуропа арасындағы.   «Бізде Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз құрылады, бір бағыты  Қазақстан, Ресей және Еуропа арқылы, келесісі  Қазақстан, Иран арқылы Таяу Шығыстан Үндістанға және басқа да нарықтарға шығады. Сондықтан біз қазір инфрақұрылымға өте көп инвестициялайтын боламыз», - деп түсіндірді министр.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан елордасында қазақстандық-саудтық бизнес-форум өтіп жатыр, оған кәіспорындар мен ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, екі ел бизнес-қауымдастығы мен даму иниститутының  шамамен 300-дей өкілі қатысуда. 

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар