- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өтіп жатқан қазақстандық-саудтық бизнес форумға 300-ге жуық адам қатысуда
Астанада өтіп жатқан қазақстандық-саудтық бизнес форумға 300-ге жуық адам қатысуда
«Мен министр мен барлық кәсіпкерлерді Қазақстанға ат басын тірегені үшін алғасымды білдіремін, Сауад Арабиясынан Қазақстанда көптен бері мұншама кең көлемде делегция болған жоқ. Біз бүгін екі елдің әлеуеті туралы айтып отырмыз, әзірге бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелері аайтарлықтай зор емес, дегенмен біз алдағы уақытта бұл жағдайды реттеп, мықты экономикалық бағдарлама дайындаймыз деген ойдамын»,-деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов.
Саудтық кәсіпкерлерге қарата айтқан сөзінде министр Қазақстанның соңғы уақытта өзгеріп, аймақта экономикалық реформалар бойынша экономикалық жағынан тартымды бола түскенін атап өтті. «Біз 200 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестицияларды тартық. Бізде дамыған мемлекеттердің, көршілес елдердің басқаша айтқанда әлемнің барлық мемлекеттерінен көптеген компаниялар жұмыс істеуде. Біз осындай ынтымақтастықты Сауд Арабиясымен де орнатқымыз келеді»,-деді Индустриялар және даму министрі.
Өз кезегінде екі елдің кәсіпорындары мен ұйымдарынан, мемлекеттік органдары мен даму институттарынан және бизнес қауымдастықтарынан 300-ге жуық адам қатысуда. Нақтырақ айтқанда, Сауд Арабиясы делегациясының құрамында құрылыс, химиялық өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені салалары мен инвестициялық қорлардың жетекшілері бар.
Осы ретте айта кететін мәселе, Қазақстандағы экономикалық реформалардың басты бағыттарының бірі қайта өңдеу өнеркәсібі саласына инвестицияларды тарту болып отыр және бүгін Сауд Арабиясының кәсіпкерлері үшін ҚР инвестициялық мүмкіндіктері, шетелдік компанияларға жасалатын мемлекеттік басымдықтар таныстырылады.
Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге бейіл. Нақтарық айтқанда, ауыл шаруашылығы, қаржы саласы, соның ішінде Илам банкингі мен туризмді, жаңа технологияларды және энергетиканы дамытуға ықыласты.
Индира Кауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті