• Басты
  • Елге жат ағым - «Таблиғи Жамағаттың» қызметі Қордайдағы республикалық конференцияда талқыланды
29 Наурыз, 2013 00:00

Елге жат ағым - «Таблиғи Жамағаттың» қызметі Қордайдағы республикалық конференцияда талқыланды

Бүгін Жамбыл облысының Қордай ауылында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі мен Жамбыл облысының әкімдігі бірлесе отырып «Таблиғи Жамағат - елге жат ағым» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Елге жат ағым - «Таблиғи Жамағаттың» қызметі Қордайдағы республикалық конференцияда талқыланды

Шараның мақсаты - Қазақстанда сот шешімімен экстремистік ұйым ретінде танылған және тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни-миссионерлік ұйымының қызметін тоқтатуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуді пысықтау, қоғамдағы исламдық бағыттағы дәстүрлі емес ағымдар мен ұйымдардың келеңсіз әрекеттерінің алдын алу және осы қатардағы басқа да мәселелерді жан-жақты талқылау болып табылады.

Аталған шараға орталық және жергілікті мемлекеттік және тиісті орган өкілдері, ғалым-сарапшылар, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіттер имамдары және шетелдік қонақтар қатысты.

Тоқтала кететін жайт, француз баспаларының бағалауынша, ислам дінінің атын жамылған экстремистердің 80 пайызға жуығы «Таблиғи Жамағат» ағымынан шыққандар болып табылады. Сондықтан да, бұл ұйымның қоғам үшін қауіптілігі сөзсіз. Жат пиғылды ұстанған ол ұйым діни ұстанымына қарай қоғамды жікке бөліп, азаматтардың конституциялық құқы мен міндеттерін тәрк етеді. Сондықтан да, Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф мұндай жат ағымға жаңа мүшелердің тартылуына жол бермей, ал оған ілескендерді дәстүрлі исламға тарту қажеттігін айтты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды