• Басты
  • Қаржы министрлігі кедендік шекара арқылы өтетін жеке қолданыстағы тауарларға қойылатын талаптарды түсіндірді
12 Мамыр, 2015 19:03

Қаржы министрлігі кедендік шекара арқылы өтетін жеке қолданыстағы тауарларға қойылатын талаптарды түсіндірді

Бүгін Астанадағы брифингте ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов кедендік шекара арқылы өтетін жеке қолданымдағы тауарларға қойылатын талаптарды түсіндірді.
Қаржы министрлігі кедендік шекара арқылы өтетін жеке қолданыстағы тауарларға қойылатын талаптарды түсіндірді

«2015 жылдың 2 мамырында ҚР қаржы министрлігінің «Кедендік одақ шекарасы арқылы өтетін жеке қолданым тауарларына қойылатын талаптар»  бұйрығы  күшке енді. Аталмыш бұйрық физикалық тұлғалардың жеке қолданыстағы атты кедендік шекара арқылы алып өтуде туындайтын құқық қорғау шараларын ғана жүзеге асырады», - деді Ж.Сұрағанов.

Аталмыш келісім бойынша жеке қолданыстағы заттарға қойылатын талаптар анықталды.

«Жеке қолданыстағы тауарларға қойылатын талаптар әуе кемесі арқылы: тауардың қүны 10 000 евродан және 50 келіден аспауы керек. Көліктің өзге түрлерімен тауар құны 1500 евро немесе 50 келіні құрайды», - деді ол.

Оның айтуынша, бұйрық  қараулы және қараусыз жүкті регламенттеуді де қарастырады. «Егер е сіз шекара асқанда сізбен бірге болатын жүк. Немесе сіз интернет арқылы тапсырып, халықаралық тасымалдаушыға сенген жағдай. Біз қазақстандықтарды сыйлық тауар алуда тыймаймыз, біз тек кедендік төлемдерді реттейміз», - деді ол.

Айта кетейік, физикалық тұлғалардың  шекара арқылы жеке қолданыстағы затты алып өтуге қойылатын талаптар туралы келісім 2010 жылдың 18 маусымында Санкт-Петербург қаласында Кедендік одақ серіктестерімен түзілген болатын.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар