• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да қазақ күресінен халықаралық гран-приде 15 елдің балуандары бақ сынасады

ШҚО-да қазақ күресінен халықаралық гран-приде 15 елдің балуандары бақ сынасады

12 Мамыр, 2015 20:24
Қазақ күресінен Ы.Досқанаұлы атындағы халықаралық гран-приге әлемнің 15 елінен балуандар келеді. Жыл сайынғы дәстүрлі сайыс Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында өткізіледі, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық турнир биылғы жылы осымен үшінші рет өткізілмек. Ағымдағы жылы ұйымдастырылатын турнирдің ауқымы едәуір кеңейтіліп отыр. Комиссияның шешімі бойынша, аталмыш спорт түрінен Әлем кубогына дейінгі кезең ШҚО-да өткізіледі, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

Сайыста Түркия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Эстония, Литва, Белоруссия, Украина елдерінен келген 38 балуан өзара мықтыны анықтамақ.

«Гран-приде Қазақстанның намысын бұған дейін сан сайыста мықтылығын дәлелдеген Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов пен Бейбіт Ыстыбаев қорғайды», – деді Қазақ күресі бойынша Халықаралық Федерация әкімшілігі комитетінің төрағасы Талғат Мәзібаев.

Барлық жаңалықтар