- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери медбикелер бүгін кәсіби мерекелерін атап өтуде (ФОТО)
Әскери медбикелер бүгін кәсіби мерекелерін атап өтуде (ФОТО)
«Медбике болу абырой. Бұл іске бүкіл ғұмырыңды арнайсың, басқаша болмайды. Пациенттерге сауығу жолында қол ұшын соза отырып, олардың әрқайсысының жағдайын жан-таніңмен уайымдайсың»,-дейді сержант Сәуле Әшімова.
Әскери медбике туралы айтқанда, бұл кәсіп иелері үшін нағыз үлгі болатын тұлға Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған ата-апалар болып табылады.
Ол уақытта нәзік әйел затының иығына қиын да күрделі міндеттер жүктелді. Оларға ұрыс жүріп жатқан алаңнан жараланған жауынгерлерді жеке өздеріне алып шығу керек болды. Әрине, қарша бораған оқ пен оттың арасында. Кезекшілікті делмалыссыз күндіз-түні атқарды. Ол уақытта санитарлық қызметкерлердің жұмысы ең қауіпті болатын, медицина мамандарының мерт болу жағдайлары да көп болды. Кейде тіпті бұл көрсеткіш медицина қазметкерлерінің 30 пайызына дейін жететін.
Әрине, мұны бейбітшілік замандағы өмірмен әсте салыстыруға болмайды. Дегенмен, бүгінгі медбикелер де кешегіден кем емес маңызды да күрделі міндеттерді атқаруда. Олар өздерінің күнделікті жұмыстарымен Қазақстанның Қарулы Күштеріне көмектесуде.
Кез-келген медициналық мекеменің басты тұлғасы медбикелер десе болады, аурулардың тез сауғыып кетуі медбикелердің кәсібилігіне байланысты.
Осыған байланысты ҚР ҚК бас әскери клиникалық госпиталі өз ісіне шын мәнінде берілген үздік медбикелерді грамоталармен және алғыс хаттармен наградтауды көздеп отыр. Бүгінгі таңда еліміздің бас әскери госпиталінің құрамында 200-ге жуық адам бар. Олардың басым бөлігі ҚР ҚК келісім-шарт қызметкерлері.
Бұл күні еліміздің барлық аймақтарындағы госпитальдарда медбикелерге құрмет көрсетіліп, құттықталуда.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Олимпиададағы қазақ спорты: кеше және бүгін -
Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Елордада Салық Зимановтың 100 жылдығы атап өтілді -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі