- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Маңғыстау облысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту мәселелерін талқылады (ФОТО)
Сенаторлар Маңғыстау облысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту мәселелерін талқылады (ФОТО)
Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, отырысты аша келіп, комитет төрағасы А.Бижанов қазіргі кезде бизнес пен кәсіпкерліктің қоғамдағы рөлі тек материалдық құндылықтар жасау және кіріс алумен шектелмейтінін атап өтті. Бизнес өкілдері жаңа жұмыс орындарын ашуға, еңбек жағдайын жақсартуға және аймақтардағы әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге қатысуға әлеуметтік міндеттерді алып отыр. «Егерде бизнес өркениетті болса, онда мемлекеттің әлеуметтік өмірдегі ынтымақтастық аясы да ауқымды болады», - деді сенатор.
Ол атап өткендей, бұл үдеріс бизнестің әлеуметтік жауаптылығы жөніндегі Жезқазғандағы республикалық форумда қоғамды дамытудың ауқымды міндеттерін шешудегі Мемлекет басшысы белгілеген кәсіпкерліктің сапалық тұрғыдағы жаңа межесінен бастау алған.
Бұдан басқа, сенатор Қазақстанда әлеуметтік әріптестікті дамыту және ұжымдық шарттарды, жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы салалық келісімдерді жасау жөніндегі ережелер заң жүзінде белгіленгені туралы хабардар етті. Әлеуметтік мәселелерді шешуге жеке кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру мақсатында «Алтын сапа» және «Парыз» конкурстары өткізіліп келеді. Бірнеше жылдан бері бизнестің көшбасшылары өз кәсіпорындарының қатысуымен аймақтарда әлеуметтік, экологиялық және әріптестік бағдарламаларды дамытып келеді.
Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев кездесуге қатысушыларды халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ аймақтағы әлеуметтік-экономикалық өркендеу мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.
Маңғыстау облысының аумағында жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушы компаниялар аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған стратегиялық жоспарларды іске асыруға белсенді қатысып келе жатқаны, келісім-шарт міндеттемелері аясында әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын іске асыруға қаржы бөлу, аймақтағы бизнестің корпоративтік жауапкершілігін дамыту және осы салада туындаған өзекті мәселелер туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ілмұхамбетова егжей-тегжейлі баяндады.
Сенатор С.Бектұрғанов әлеуметтік әріптестік пен бизнесті дамыту саласындағы депутаттардың заң шығару қызметі туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Д.Арғындықов, Маңғыстау облысындағы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Г. Қаламқали, «Волна» АКФ ЖШС директоры Н.Карась, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының орынбасары Ж.Төлеғожаев және бизнес қауымдастықтары мен жұртшылық өкілдері сөз сөйледі.
Кездесуді қорытындылай келіп, сенатор А.Бижанов бұл талқылау бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және оның құқықтық қамтамасыз ету саласына байланысты кешенді мәселелерді іске асыру жөніндегі жұмыстардың тиімділігін арттыруға қызмет ететінін атап өтті. Комитет төрағасы жұмыспен қамту, іскерлік белсенділікті дамыту салаларындағы өзекті мәселелерді атап өтіп, келешекте атқарылатын жұмыстарды және оларды жүйелі түрде шешуде аймақта қолданылатын мүмкіндіктерді белгіледі.
Көшпелі отырыс барысында сенаторлар «CASPI BITUM» БК ЖШС, «Каспий» тұщыту зауыты» ЖШС, «Kazakh Osseter» ҒӨК» ЖШС секілді бірқатар кәсіпорындарда болды және Қазақ-түрік лицейіндегі оқу үдерістерімен танысты.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары