• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Ищанов: Ресей мен Қазақстанның шекаралық серіктестігі-тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудің басты бағыты

Қ.Ищанов: Ресей мен Қазақстанның шекаралық серіктестігі-тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудің басты бағыты

12 Мамыр, 2015 17:09
Омбы қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиыны Федерация Кеңесінің арасындағы ынтымақтастық бойынша комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Комиссияның жұмысына Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов бастаған қазақстандық делегация қатысты.

Кмиссия отырысын қазақстандық тараптан Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов, ресейлік тараптан Ресей Федерациясы Федералдық Жиыны Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Ілияс Умаханов ашты.

Комиссияның отырысы барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аймақтарды дамыту, Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы субъектілерінде қазақ және орыс тілдерін дамыту, Бірыңғай экономикалық кеңістік мәселелері қаралды.

Хабарланғандай, Комиссия отырысының қорытындысы бойынша бар пікірлер ескерілі отырылып Хаттама қабылданады.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиыны Федерация Кеңесінің арасындағы ынтымақтастық бойынша комиссия екі елдің жоғарғы заң шығарушы палаталары арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім аясында жұмыс істейді.

Комиссияның кезекті сегізінші отырысы Қазақстанда өткізілетін болып жоспарланды.

Барлық жаңалықтар