• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда судьялық лауазымға ұсынылған тұлғалар үшін бір жылдық сынақ мерзімін енгізу көзделуде

Қазақстанда судьялық лауазымға ұсынылған тұлғалар үшін бір жылдық сынақ мерзімін енгізу көзделуде

12 Мамыр, 2015 15:52
Қазақстанда судьялық лауазымға ұсынылған тұлғалар үшін бір жылдық сынақ мерзімін енгізу көзделуде, деді ОКҚ брифингінде Жоғарғы сот қылмыстық істері жөніндегі бақылау сот ұжымының төрағасы Абай Рахметулин.

«Жоғарғы Сот судьялыққа үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірледі. Аталған ұсыныстар Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ресми түрде жолданды.Атап айтқанда, барлық судьяларды міндетті түрде Сот төрелігі институтының магистратурасында даярлықтан өтуі тиіс. Осы ретте, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының аталған оқу орнының Жоғарғы Сотқа бағынысты болуы туралы ұсынымы қолдауға лайық деп есептелуде. Мұндай  тәжірибе Францияда сәтті іске асырылуда. Біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі қайта қаралатын болады. Ұсыным беру институтын, («А» корпусына үміткерлерді іріктеу жүйесі бойынша) мемлекеттік тілді білу деңгейін тестілеу, тапсырмалар (кейстер) енгізу арқылы біліктілік емтиханын жетілдіру, үміткерлердің құқық қолдану бойынша қабілетін бағалау үшін міндетті психологиялық тестілеу енгізу шаралары заңнамалық тұрғыда бекітілетін болады», - деді А.Рахматулин.

Судьялық лауазымға ұсынылған тұлғалар үшін бір жылдық сынақ мерзімін енгізу көзделуде. «Судьялар қызметін кезеңдік кәсіби бағалау жүйесін енгізу мәселесі түбегейлі шара ретінде қарастырылатын болады. Судьялық өтілі 15 жылдан асатын судьяларды санамағанда, судьялардың біліктілігін 5 жылда бір рет, сондай-ақ жоғары тұрған соттағы судья лауазымына, сот немесе сот алқасының төрағасы қызметіне жарияланған конкурсқа қатысқан судьялардың кәсіби деңгейін бағалау жүргізу функциясын Сот Жюриіне беру қарастырылуда», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар