- Басты
- Жаңалықтар
- Халықаралық ғылыми салада ғылым этикасына көп көңіл бөлінеді – БҒМ (Фото)
Халықаралық ғылыми салада ғылым этикасына көп көңіл бөлінеді – БҒМ (Фото)
Кездесуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ЮНЕСКО жанындағы ғылым және технологиялар этикасы халықаралық комиссия (КОМЕСТ) өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырды.
Пікірталасқа жоғары оқу орындарымен ғылыми ұйымдар, Назарбаев Университет, Ғылым қоры, Технологияларды коммерцияландыру жүйесін үйлестіру орталығы, «Парасат» ҰҒТХ, ҰҒТАО және «Казагроинновация» АҚ сынды 60 шақты өкілдері қатысты.
Қазақстандық және шетелдік ғалымдар ғылыми қызметтегі этикалық нормалар дамуының тәжірибесін талқылады. Ғылыми зерттеулер этикасы мәселелерін дәйектеумен айналысатын ұлттық консультативтік орталықтар ұйымдастыру тәжірибесі көптеген шет елдерде бар - АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Нидерланды, Финляндия және т.т.б. ЮНЕСКО өкілдері қазақстандық әріптестеріне өздерінің биоэтика саласындағы бағдарламалары туралы айтты. ЮНЕСКО жанында ғылым және технологиялар этикасы халықаралық комиссиясы (КОМЕСТ) жұмыс жасайды, сол арқылы ЮНЕСКО этика саласындағы мамандар, ғалымдар, саясат қайраткерлері және қоғам арасында байланыстарды құрады және нығайтады.
Қазақстанда биоэтикалық комиссиясын құру және жұмыс жасау тәжірибесі туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы Этика бойынша орталық комиссия секретариатының басшысы Сарымсакова Бахыт және Назарбаев Университетінің қызметкері Чарльз Гилман ұсынды.
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов «халықаралық ғылыми ортада ғылым этикасына көп көңіл бөлінеді және біздің елдің ғылыми қауымдастығында да ғалымның тәуелсіздігімен қатар оның жауапкершілігін анықтайтын ғылыми зерттеудің этикалық нормалары, ұстанымдары және қағидалары даму керек» екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанда ғылыми зерттеулерді жауапкершілікпен жүргізу механизмін қалыптастыру, ұлттық деңгейде алқалы органның – Ғылым этикасы бойынша кеңес құру, ғылым этикасы бойынша мамандарды оқыту қажеттілігі жөніндегі пікірлер білдірді.
Кездесу соңында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов және ЮНЕСКО өкілі Дафна Фейнхольц ғылым этикасы мәселелерімен ғылыми зерттеулерді жауапкершілікпен жүргізуді жетілдіруге бағытталған ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар орнатылуы туралы келісті.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз