- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр С.Ахметов мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді тиімді жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
Премьер-Министр С.Ахметов мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді тиімді жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған әлеуметтік-экономикалық дамудың қортындылары бойынша Мемлекет басшысы бірқатар маңызды міндеттер қойды. Президенттің сөзінде айтылған негізгі мәселелерге назар аударған С.Ахметов аталған тапсырмаларды тиімді орындау үшін мемлекеттік органдардың күшін үйлестіру қажет екенін атап өтті.
Үкімет басшысы бюджеттік саясат пен мемлекеттік сатып алулар жүйесін оңтайландыру саласында барлық деңгейдегі орталық мемлекеттік органдардың басшыларына жыл соңына дейін бөлінген бюджеттік қаржыны, оның ішінде трансферттерді барынша игеруді қамтамасыз ету керектігін атап көрсетті.
Сондай-ақ «Мемлекет басшысының тапсырмасын есепке ала отырып мемлекеттік және салалық бағдарламаларды түгендеу бойынша жұмысты жалғастыра беру керек», деген С.Ахметов «бірқатар көрсеткіштер, оның ішінде, еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, бағдарламаларды анықтау қажет»,-деп атап көрсетті.
Мемлекеттік сатып алулар мәселесіне байланысты С.Ахметов Қаржы министрлігіне «Мемлекет басшысының тапсырмасын есепке ала отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен, өңірлер әкімдерімен бірлесіп заңдылықты жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар» енгізуді тапсырды.
Президенттің кәсіпкерлікті дамыту бойынша тапсырмаларын орындау жолында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі холдингтермен және ұлттық компаниялармен квазимемлекеттік сектор субьектілерін жеке секторға беру арқылы оңтайландыру бойынша жұмыстарды жалғастыра беруі тиіс,-деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы мемлекеттік индустриалдық саясатты одан әрі жүзеге асыруға, арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуіне, пайдаланылмаған жерлерді түгендеуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Өңірлік саясатты одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты С.Ахметов Өңірлік даму министрлігі алдына «мемлекеттік бағдарламаларды түгендеу шеңберінде өңірлерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асырудың тиімділігін зерделеп, оны оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізу» міндетін қойды. Экономика және бюджеттік жоспарлау мен Өңірлік даму министрліктеріне өздерінің өңірлік даму саласындағы міндеттері мен өкілеттіктерін пысықтауды және Үкіметке ұсыныс енгізуді тапсырды.
«Тұтастай алғанда, өңірлік саясат саласындағы жұмыстардың жүйелілігі мен үйлестірілуін ӨДМ жүзеге асыратын болады. Мұнда ӨДМ мен бірлесіп қарастырылуы тиіс өңірлерді дамытудың барлық бюджеттері қалыптастырылады»,-деді С.Ахметов.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын есепке ала отырып, әлеуметтік жаңғырту саласында мемлекеттік органдарға білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныс енгізу тапсырылды.
С.Ахметов Президенттің қатысуымен өткен кеңестің қортындысы бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудың Кешенді жоспарын жасауға өкім етті.
Үкімет басшысы облыс әкімдерінің назарын елді-мекендердің алдағы қыс маусымына дайындығын, әлеуметтік маңызды азық-түліктер бағасының тұрақтылығын, жиналған астықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне аударды.
«Бүгін мейлінше ашық, маңызды әңгіме болып, Мемлекет басшысы тарапынан сындарлы сын айтылды»,-деп түйіндеді С.Ахметов. «Біз Президент тапсырмаларын орындау бойынша барлық іс-шараларды Кешенді жоспарға енгізіп, бұл үлкен жұмысқа кірісуге тиіспіз»,-деп қортындылады Премьер-Министр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар