• Басты
  • Жаңалықтар
  • Джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында бәсекелестік өте жоғары болды – И.Мамилов

Джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында бәсекелестік өте жоғары болды – И.Мамилов

12 Мамыр, 2015 14:36
Джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында бәсекелестік өте мықты болды, деді 2015 жылғы бризилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионы, осы спорт түрінен республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері Ислам Мамилов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.

«Бразилиялық джиу-джитсу туралы мен дзюдомен айналысып жүрген кезімде естідім. Мені бұл спорт қатты қызықтырды, сондықтан да мен өзім үшін бір жаңалық жасағым келді. Нәтижесінде осы спорттың соңынан кеттім. Мен міне, 2 жылдан астам уақыттан бері менің бапкерім Арманжан Розахуновтың жетекшілігімен мен осы спорт түрімен айналысып келемін»,-дейді спортшы.

Чемпион әлем чемпионатында бәсекелестіктің өте жоғары болғандығын атап өтті.    

Чемпионат алдындағы жаттығулар өте тыңғылықты өтті. Алматыға республикалық федерация тарапынан  еліміздің спортшыларын үлкен бәсекеге дайындау үшін Бразилиядан екі қара белбеу иегері шақырылды. Чемпионатта өте үлкен бәсеке болды. Мен Колумбия, Ангола, Әзірбайжан спортшыларымен 6 белдесу өткіздім»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың сәуір айында Қазақстанның бразилиялық джиу-джитсудан құрамында 78 адамы бар ұлттық құрамасы БАӘ Абу Даби қаласындағы әлем чемпионатында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылар 29 медаль жеңіп алды. Олардың арасында 9 медаль алтын, 10 медаль күміс және қола.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

Барлық жаңалықтар