Қ.Сұлтанов Елбасына Мәжілістің заң шығару қызметі туралы баяндады

12 Мамыр, 2015 12:42
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутат, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі Қуаныш Сұлтановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қ.Сұлтанов Елбасын Мәжілістің заң шығару қызметінің бірнеше бағыттары, негізгі заң жобаларын қарастыру және алдағы жоспарлар  бойынша ақпараттандырды.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қ.Сұлтановты 70 жылдық мерейлік мерекесімен құттықтады. Денсаулық,қажымас-қайрат, еңбекте жеміс тіледі.

 

Барлық жаңалықтар