• Басты
  • Достастық елдері әскери қызметшілері арасындағы «Ынтымақтастық жауынгері» байқауының іріктеу кезеңі аяқталды
12 Мамыр, 2015 20:43

Достастық елдері әскери қызметшілері арасындағы «Ынтымақтастық жауынгері» байқауының іріктеу кезеңі аяқталды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған достастық елдері армиясының әскери қызметшілері арасындағы «Ынтымақтастық жауынгері» әскери байқауға қатысу үшін іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Достастық елдері әскери қызметшілері арасындағы «Ынтымақтастық жауынгері» байқауының іріктеу кезеңі аяқталды

Бұл іс-шара «Біздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесіміз!» атты ұранның аясында өтті. Байқау бірнеше әскери-кәсіби сайыстарды қамтыды. Атап айтқанда, «Кәсіпқой» сайысында байқауға қатысушының даярлық деңгейі мен АРД кедергі жолағынан өтуі бағаланады, ал «Атлет» сайысы дене даярлығы бойынша көрсеткіштерді қамтыды (жеке кедергі сызығын, белағашта біріктірілген күштік жаттығулар игеру, 100 және 3000 метрге жүгіру, дәлдікке граната лақтыру).

Сондай-ақ, «Мерген» атыс даярлығы бойынша жаттығулары (қаруды қалыпты атыс жағдайына келтіру, 4 УКС және АК-3 спорттық жаттығуын орындау), әскер тарихы туралы білім жарысы, «Ой-сана» халықаралық гуманитарлық құқықтық нормалары мен «Кавалер/Ханым» шығармашылық жарыстары өтті.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары мен сержанттарының байқауы жоғарғы кәсіби білім, жауынгерлік шеберлікті және жеңіске деген ерік-жігерді көрсетті. Байқауға келісішарт бойынша барлығы 75 әскери қызметші қатысса, олардың ішінде 16 әскери қызметші қыз-келіншек бар.

Ерлер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жүлделі орынға ие болды. Аталған кешенді сынақтар бойынша кіші сержант Айдар Батырханов үздік деп танылды. Ал екінші орынды сержант Асылхан Ыдырысов иеленіп, үшінші орынды аға сержант Рүстем Қазми иеленді.

Әскери қызметші қыз-келіншектер арасында 44736 әскери бөлімнің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Томирис Жұмина бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды 36803 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Татьяна Купцова, ал үшінші орынды 10181 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Маржан Мәлікова алды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында өткен байқау жеңімпаздарына «үздік жауынгер» атағы беріліп, естелік сыйлықтарын табыс етілді. Ағымдағы жылдың маусым айында жарыс жеңімпаздары Қарулы Күштердің ауқымында өтетін жарыстарға қатысатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар