АЭФ – экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған ауқымды жоба

12 Мамыр, 2015 15:22
Астаналық экономикалық форум – экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған ауқымды жоба, деді Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әсет Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Астаналық экономикалық форум жаһандық және аймақтық деңгейдегі экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Осы ретте өткен жылғы форумның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде айтқан Мемлекет басшысының сөзін қайталаудың реті келіп тұр. «АЭФ аймақтық пікірталас алаңынан халықаралық экономикалық өмірдің танымал оқиғасына айналды»,-деді Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.   

Оның сөзінше, жиынға жаһандық экономикалық қоғамдастықтың танымал деген сарапшылары қатысады.

«Осы ретте мен белгілі деген спикерлердің аты-жөндерін атай кетсем: Кеннет Рогофф - америкалық экономист, Гарвард университетінің профессоры. Олар бұл форумға және Қазақстанға алғаш рет келеді. Нуриель Рубини – әлемге әйгілі  экономист, 2008 жылғы дағдарысты болжағаны үшін мойындалған. Осы жолғы әйгілі тұлғалардың ішінде Стив Форбс та бар. Ол белгілі американдық бизнесмен, саясаткер, іскер топтарға арналған Forbes апталығының бас редакторы»,-деді ол.

 

 

 

Барлық жаңалықтар