- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР құрамасы джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатында ең мықты үштіктің қатарына кірді- Рузахунов
ҚР құрамасы джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатында ең мықты үштіктің қатарына кірді- Рузахунов
«Қазақстанда джиу-джитсу спортының дамып келе жатқанына көп болған жоқ. Бұл спорт түрі бойынша федерация екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы аз уақыт ішінде көп жұмыс атқардық және сол жұмыстарымыздың нәтижелерін көріп отырмыз. Қазақстан құрамасы осы әлем чемпионатындағы ең мықты үш команданың арасынан табылды», - деді Арманжан Рузахунов.
Бас жаттықтырушының айтуынша, бұл дода өткен жылдағыға қарағанда қатысушылар санынан және бәсекелестік жағынан мықты болды.
«Өткен жылғы турнир биылғыдан әлсіздеу болды. Өткен жылы оған мыңнан астам адам қатысты, ал биыл 86 мемлекеттен 4860 спортшы бақ сынауға келді. Бұл турнир күн өткен сайын танымал болып бара жатқанын білдіреді. Біздің негізгі бәсекелестеріміз Бразилия мен Ресей, сонымен қатар, осы жолы Колумбия мен Араб Әмірліктеріде үлкен командамен келді»,- деп толықтырды ол.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Абу-Дабиде өткен джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 9 алтын, 10 күміс және 10 қола медаль жеңіп алған. Бұл жетістік Қазақстан құрамасын ең мықты үш команданың қатарына қосты. Жалпы, байрақты бәсекеде еліміздің намысын 78 спортшы қорғады.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген