• Басты
  • Жаңалықтар
  • АЭФ аясында Қазақстанның инвестициялық климатының таныстырылымы жасалады

АЭФ аясында Қазақстанның инвестициялық климатының таныстырылымы жасалады

12 Мамыр, 2015 12:22
Астана экономикалық форумының аясында шетелдік инвесторлар үшін ынталандырушы жаңа шарттардың таныстырылмы болады, деп хабарлады Экономикалық зерттеулер институтының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әсет Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Invest In Kazakhstan» инвестициялық форумында Қазақстанның инвестициялық климаты мен шетелдік инвесторлар үшін жаңа ынталандырушы шарттардың таныстырылымы болады және спикерлер Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму саласына тікелей шетелдік инвестициялар тарту мәселесін ортаға салады»,-деді Әсет Ерғалиев.

Оның сөзінше, урбанизациялауға бағытталған форум қалалардың экономикалық тұрақтылығы мен оларды жоспарлау, сондай-ақ  SmartCity үлгісі негізінде қалалық басқаруға инновациялық көзқараспен қарау мәселелерін талқыға салатын сарапшылардың басын қосады.

 

Барлық жаңалықтар