- Басты
- Жаңалықтар
- ҮИИД: Ақтөбе облысында 5,2 мың жұмыс орнын ашатын 9 инвестициялық жоба іске асырылуда
ҮИИД: Ақтөбе облысында 5,2 мың жұмыс орнын ашатын 9 инвестициялық жоба іске асырылуда
Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, отырыста Ақтөбе облысының Индустрияландыру картасына енгізілген жалпы бағасы 691,1 млрд. теңгені құраған және 11,8 мың жұмыс орнын құруды көздеген 83 жобасының ішінде 5 жылдың ішінде (2010-2014 жж.) жалпы сомасы 547 млрд. теңгені құрап, 6,6 мың тұрақты жұмыс орны құрылған 74 жоба іске асырылғаны атап өтілді.
ҮИИД МБ-ның екінші бесжылдығының аясында 144,1 млрд. теңгені құрайтын, 5,2 мың жұмыс орнын құру көзделіп отырған 9 инвестициялық жобаны іске асыру жалғастырылмақ.
2015 жылы аймақта Индустрияландыру картасына бұған дейін енгізілген, жалпы сомасы 2,8 млрд. теңгені құрайтын, 300-ге жуық жұмыс орнын құруды көздеген екі жоба іске асырылып жатыр. Бұл «Игнадит» ЖШС-ның бастамасымен Хромтау ауданында қуаттылығы жылына 25 мың тонна әк өндірісі мен «АСБИ САТ ГРУПП» ЖШС зауытының Ақтөбе қаласында қуаттылығы жылына 520 мың дана темір-бетон шпалдарының өндірісі.
Жоғарыда аталған кәсіпорындардың басшылары нысандарды пайдалануға беру мерзімдері бойынша есеп берді.
Сондай-ақ Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылып отырған жаңа инвестициялық жобалардың таныстырылымы өтті.
«Отырыс соңында Архимед Мұхамбетов облыс экономикасын сапалы жаңа деңгейге көтеріп және бұл негізде облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, сол арқылы Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмаларын орындау үшін индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша бірқатар тапсырмалары мен кеңестерін берді», - делінген хабарламада.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері