• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астаналық экономикалық форум «жасыл» экономика элементтерінен құралады- Ерғалиев (Фото)

Астаналық экономикалық форум «жасыл» экономика элементтерінен құралады- Ерғалиев (Фото)

12 Мамыр, 2015 11:21
Елордада 21-22 мамыр күндері «жасыл» экономика элементтерінен құралған кезекті Астана экономикалық форумы өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әсет Ерғалиев хабарлады.

 «21-22 мамыр күндері кезекті Астана экономикалық форумы өтеді. Биылғы форумның басты тақырыбы «Инфрақұрылым  тұрақты экономикалық даму драйвері» болады. Биылғы форумның тиімділігін арттырып, маңыздылығын күшейту үшін талқыланатын тақырыптардың санын азайтып, ең маңызды мәселелерге басымдық бердік», - деді Ә.Ерғалиев.

Оның айтуынша, екі күндік форум барысында 30 сессия өтеді.

«Форумға 90 елден үш  3000 астам делегат қатысады. Сонымен қатар 200-ге тарта спикер сөйлейді, олардың ішінде  халықаралық ұйымдар, үкімет, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Нобель сыйлығының лауреаттары бар», - деп атап өтті ол.

Бұл форумның басты ерекшелігі ол «жасыл» экономика элементтерінен құралады.

«Біз тарататын материалдардың бір бөлігі екінші қайта өңдеу өнімдерінен жасалған. Болашақта біз бұл бағытты одан ары дамытпақпыз және шараны ұйымдастыру барысында «жасыл» экономика элементтерін пайдаланатын боламыз», - деп түйді Ә.Ерғалиев.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

Барлық жаңалықтар