Медицинада ядролық қондырғыларды қолдану емдеу сапасын арттырады

12 Мамыр, 2015 11:12
Медицинада ядролық қондырғыларды қолдану арқылы диагностикалық зерттеу жасау емдеу сапасын арттырады, деді Астанада өтіп жатқан «Ядролық медицина бойынша Орталық Азиялық форумында» «Республикалық жиагностикалық орталық» АҚ радиозотопты диагностика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Рысқұлова.

«Бүгінде ядролық диагностика заманауи медицинаның басты бағыттарының  бірі. Ядролық қондырғыны қолдану арқылы  диаагностикалық зерттеу жүргізу ауруды емдеу сапасын бірнеше мәрте арттырады», - деді Ғ.Рысқұлова.

Оның айтуынша, жақын арада Президент басқармасы ауруханасында томографиялық позитронды-эмиссиондық орталық ашу жоспарланған. Сондай-ақ, Семейдегі окоорталық  пен Алматы ядролық  физика инсттуты базасында аталмыш орталықтарды ашу жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан орталығындағы тұңғыш ТПЭ орталығы 2010 жылдың наурызында «Республикалық диагностика орталығында» ашылды.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар