• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақтелекомның көшпелі отырысында ШҚО-да телекоммуникация желісін дамыту мәселесі талқыланды

Қазақтелекомның көшпелі отырысында ШҚО-да телекоммуникация желісін дамыту мәселесі талқыланды

12 Мамыр, 2015 13:09
«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің төрағалығымен өткен көшпелі отырыста Шығыс Қазақстан облысындағы телекоммуникация желісін дамыту мәселесі талқыланды.

Келелі кеңеске Басқарма мүшелері, облыстық Телекоммиянкация дирекцияларының басшылары қатысып, 2014 жылы және 2015 жылдың І тоқсанының нәтижелерімен таныстырды. Онда техникалық-экономикалық көрсеткіштер,  сапаны арттыру саласындағы жұмыс нәтижелері жарияланды, деп компаниядан хабарлады. 

Қуанышбек Есекеев атап өткнедей, Шығыс Қазақстандық филиал өткен  жылғы жоспардың көрсеткіштеріне толығымен қол жеткізді. Қолайлы жағдай тек абонеттерге ғана емес, сонымен қатар жұмысшыларға да жасалды.

Бұдан басқа, алқа мәжілісінде аймақтағы телекоммуникация желісін дамыту бойынша  жоспарлар мен міндеттер қаралып, талқыланды.

Ұлттық компанияның ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 10 мамырындағы жағдай бойынша аймақта 749 елдімекен байланыс телефонымен қамтылса, 467-і (62%) Интернет желісіне қол жеткізді.

Айта кетерлік жайт, 2015  жылдың соңына дейін ШҚО-ның барлық аудан орталықтарына дейін ішкіаймақтық оптикалық желінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

 

Барлық жаңалықтар