- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ұлттық қауіпсіздік мәселесі жөнінде конференция өтті
Астанада ұлттық қауіпсіздік мәселесі жөнінде конференция өтті
Өзінің кіріспе сөзінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Жұмақанов мұндай ғылыми-зерттеу конференциясын өткізу Президенттің «Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыруда өте маңызды және дер кезінде атқарылған іс екенін айтты. Сонымен қатар, заманауи шақырулар мен қауіптерді анықтауда жүйелі зерттеуге арналған фундаменталды, қолданбалы және болжамдау-сараптау зерттеулерінің маңызын атады.
Шараға Парламент депутаттары, Қауіпсіздік кеңесінің өкілдері, алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу институты ғалымдары мен жетекшілері қатысты. Баяндамаларда ең алдымен заманауи шақырулар мен қатерлердің дәрежелері мен қалыптасуы қарастырылды. Аймақтық және халықаралық қауіпсіздік, соның ішінде терроризммен күрес, діни экстремизмнің алдын алуда қоғамның алар орны, кез келген террорлық немесе экстремистік жағдайларда бей-жай қалмау мәселелері ғылыми тұрғыда талқыланды.
Конференция барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан стратегиясын іске асыруда қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мен сараптамалық ой мен бағалауларды құрылымдық алмасу ұсыныстары талқыланды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі