- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ауғанстан Сыртқы істер министрліктері ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі
Қазақстан мен Ауғанстан Сыртқы істер министрліктері ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі
ҚР делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, ауған делегациясын АИР сыртқы істер министрінің орынбасары Хекмат Қарзай бастады.
Консультациялар барысында дипломаттар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен болашақ мүмкіндіктері туралы кең ауқымды мәселелерді талқылады. 2015 жылы мамырда Астанада өтетін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ҚР-АИР Үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысына дайындық барысы мен ауған Президенті Мохаммад Ашраф Ғанидің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселелеріне аса назар бөлінді.
Тараптар екі елдің халықаралық сахнадағы, оның ішінде БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы оң ықпалдастығын атап өтті.
Ауған әріптестері Қазақстанда ауған студенттерін оқыту жөніндегі қазақстандық білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы, Ауғанстан кадрларын даярлауда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ өңірде лаңкестік пен экстремизмнің таралу қауіптерін төмендетуге септігін тигізетінін атап өтіп, Ауғанстан үшін қоғамдық-саяси маңызын жоғары бағалады.
Ауған тарапы азық-түлік пен аса қажетті заттар түрінде көрсетіліп отырған тұрақты ізгілік көмек үшін және әлеуметтік маңыздылығы бар инфрақұрылымды салу мен қайта қалпына келтірілуіне (орта мектеп, аурухана, автожол, көпірлер және т.б.) бөлінген қаражатқа алғысын білдірді.
Консультация қорытындыларына сәйкес, Қазақстан және Ауғанстан Сыртқы істер министрліктері екі ел арасындағы түрлі салалардағы ықпалдастықты арттыру мақсатында орта мерзімді болашақта ынтымақтастықтың басымды бағыттарын белгіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды