• Басты
  • Қызылордада Жеңістің 70 жылдығы азаматтық еріктілердің парадымен атап өтілді
11 Мамыр, 2015 15:49

Қызылордада Жеңістің 70 жылдығы азаматтық еріктілердің парадымен атап өтілді

Бүгін Қызылордада Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты митинг және гүл қою рәсімі өтті. Шараға ҰОС және тыл ардагерлері бастаған Сыр жұртшылығы қатысты.
Қызылордада Жеңістің 70 жылдығы азаматтық еріктілердің парадымен атап өтілді

Алдымен қан майданнан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев бастап ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Екінші дүниежүзілік соғысқа Сыр өңірінен 70 мың сарбаз аттанса, соның тең жартысына жуығы елге оралған жоқ. Қазірдің өзінде 89 ғана көзі тірі майдангер бар.

«Биыл Жеңістің жетпісінші көктеміне аяқ бастық. Сіздердің ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз бүгінгі бейбіт өмірдің темірқазығы. Соғыс даласына қажетті азық-түлік жеткізу жолында тылда да қаншама адам тынымсыз еңбек етті. Мұның барлығын келер ұрпақ ешқашан естен шығармайды. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Мұнан соң «Жасампаз жаса»қ шеруі өтті. Бұл жоба биыл қатарынан үшінші жыл жүзеге асып отыр. Жылдағы дәстүрмен биыл да «Жасампаз жасақ» шеруі орталық алаңнан бастау алып, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов, Қазыбек би, Қонаев көшелері бойымен «Тағзым» алаңына дейін жүріп өтті. Азаматтық еріктілерден құралған  шеру сапында Ұлы Отан соғысында шейіт болған, елге оралып қайтыс болған, Семей – Невада, Чернобыль апаты, Ауған соғысы ардагерлеріміздің  ұрпақтары, батыр аналар, жастар бар. Бұл бүгінгі ұрпақ зұлмат соғыста кеудесін оқ пен отқа тосқан жауынгер бабаларын ұмытпайтындығының бір көрінісі.

Салтанатты шара Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған әскери шерумен жалғасты. Әрі қарай қонақтар мен соғыс және еңбек ардагерлері арнайы дайындалған ақ шатырлардан әскер ботқасынан дәм таттты. Шара жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертмен аяқталды.

Барлық жаңалықтар