- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті Мәскеудегі қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысты
Қазақстан Президенті Мәскеудегі қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев Қызыл алаңда өткен әскери парадта болды, сондай-ақ Белгісіз солдат зиратына гүл қою рәсіміне қатысты.
Мәскеудегі мерейтойлық парадқа 16 мыңнан астам әскери қызметші, 194 құрлықтық әскери техника, 143 ұшақ және тікұшақ қатысты.
Қызыл алаңнан Ұлы Отан соғысындағы әскерилердің формасын киген тарихи жауынгерлік есептоптар сап түзеп жүріп өтті. Парад барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері мен басқа да бірқатар шет елдерден он есептоп салтанатты шеру тартты. Біздің елімізден парадқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери институтының курсанттары қатысты.
Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына 2 300-ден астам адам, соның ішінде таяу және алыс шетелдерден ардагерлер шақырылды. Мәскеудегі салтанатты іс-шараларға 30-ға жуық шетелдің мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді