- Басты
- Жаңалықтар
- Біздің еліміз бейбітшілік пен бірлікте өмір сүрсін - тыл ардагері
Біздің еліміз бейбітшілік пен бірлікте өмір сүрсін - тыл ардагері
«Соғыс 1941 жылы басталған кезде мен 5 жаста болатынмын. Соғысқа менің әкелерім Аймақ Тәшімұлы мен Иманбек Түлейбайұлы кетті де содан қайтып оралмады. И.Түлейбайұлы 1943 жылдың 12-шілдесінде Курскі шайқасында қаза тапты, ал екінші әкем А.Тәшімұлы Калинин облысын фашистік басқыншылардан азат етіп, 1944 жылы ерлікпен қаза тапты»,-дейді тыл ардагері.
О.Аймақұлының сөзінше, соғысқа оның үш үлкен ағасы аттанған.
«Бекіз Тәшімұлы, Молдағали Нақыпұлы, Рымбек Түлейбайұлы – менің үш ағам. Олар Ленинградты қорғап, мерт болды. Осылайша, сол уақытта біздің отбасымыздан бүтіндей бес адам майданға аттанып, олардың ешқайсысы да қайтып оралмады. Ал біз болсақ жауынгерлердің рухтарын түсірмеу үшін 5 жасымыздан бастап жұмыс істедік»,-дейді ол.
Қазір ақсақал сол бір сұрапыл кезеңдерді күрсіне есіне алады және жер бетіне бейбітшілік тілейді.
«Мен барлық қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын. Біздің мемлекетіміз бейбітшілік пен бірлікте өмір сүрсін!»,-деп аяқтады сөзін қария.
Анар Тәңірқұлова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары