- Басты
- Жаңалықтар
- Қарсақбай алғашқы қазақстандық мыстың балқытылғанына 85 жыл толуын атап өтуде
Қарсақбай алғашқы қазақстандық мыстың балқытылғанына 85 жыл толуын атап өтуде
Мерекеге арнап компанияда «Қазақстанның алғашқы мысы» атты төсбелгі дайындалды. Сондай-ақ, атаулы грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен Қазақмыстың 600 ардагері мен үздік қызметкері марапатталды, ал 11 қызметкерге автокөлік кілті табыс етілді. Мерекелік бағдарлама аясында ағаш отырғызу, Еңбек даңқы аллеясын ашу, бəйге мен спорт жарыстары жəне мерекелік концерт қарастырылған
«85 жыл бұрын осы Қарсақбайда алғашқы қара мыс алынды. Сөйтіп, Қазақстан мыс индустриясының іргетасы қаланды. Шахтерлер, кен байытушылар мен металлургтердің бірнеше буыны аянбай еңбек етіп, Қазақстан мысының жоғары сапасына қол жеткізді жəне бүгінде республикамыздың мыс өнімдері əлемде жақсы танымал. Осындай жетістіктердің арқасында ел экономикасының шешуші салаларының бірі болып табылатын, қазірде негізгі жəне қосалқы мамандықтар иелерін, ондаған мың адамның басын қосып отырған мыс өнеркəсібінің одан əрі дамуына мүмкіндік бар. Біз алғашқы мыс балқытушылардың дəстүріне құрметпен қараймыз жəне отандық индустрияның заманауи технологиялардан қалмай, əлемдік озық стандарттарға сай болуына талпынамыз», - деді «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай.
Зауыт құрылысы 1913 жылы басталған, бірақ Қазан төңкерісі, бірінші Дүниежүзілік соғыс пен азамат соғысы оның жабылуына, кейін тіпті бұзылуына əкеп соқтырды. 1928 жылы зауыт ашылып, алғаш мыс өндіргендірілген зауыт ретінде жəне отандық мыс балқытушылардың кейінгі жетістіктерінің арқасында тарихта қалды.
Бүгінгі күні зауыттың негізгі қызмет түрі детальдарды механикалық əдіспен өңдеу арқылы сұр шойын құймаларын шығару болып табылады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кəсіпорындарының қажеттігі үшін шойын бұйымдарын шығару көлемі жылына 350 тоннаны құрайды.
Зауыт «ЖТМ» ӨБ кен балқыту кəсіпорындарының жабдықтарына арнап қосалқы бөлшектер түрінде 80 түрлі тауар өнімдерін шығарып келеді. Зауытта 253 адам еңбек етеді. Ол тұрғындар мен ұйымдарды суымен, жылумен, көмірмен жəне электрқуатымен қамтамасыз етіп отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі