Бангкокта Жеңістің 70 жылдығы атап өтілді

11 Мамыр, 2015 12:38
8 мамырда Таиланд астанасы Бангкок қаласында Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығына орай салтанатты қабылдау және фотокөрменің ашылуы өтті.

Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей және Өзбекстан елшіліктері ұйымдастырған іс-шараға Таиланд Корольдігі үкіметінің мүшелері, елдің қоғамдық-саяси қайраткерлері, тай компанияларының басшылары, ғылыми-зерттеу институттары, халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар Тәуелсіз мемлекеттер достастығының азаматтары қатысты.

Көрсетілген көрменің негізіне соғыс жылдарында майдан тілшілері әр түрлі жылдарда және соғыстың әр түрлі фронттарында жасаған фотосуреттер алынды.

Қазақстан Елшілігі батыр-қазақстандықтар фотоэкспозицияларын ұсынды: 28-ші Панфиловшылар дивизиясының гвардияшылары, 101-ші Қазақ ұлттық атқыштар бригадасының жауынгерлері, Кеңес одағының жауынгерлері Алия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова, сонымен қатар фашизмді жеңудегі қазақстандықтардың еңбек үлесінің фотосуреттері көрсетілді.

Салтанатты қабылдау мен фотокөрме – адамзат күшін біріктіріп, фашистік әскери машинаны күйрету мен идеология ретіндегі нацизмді жойып жібере алғаны туралы тағы да бір еске салу болып табылады. Соғыстың алғаш күндерінен бастап Отанды қорғау барлық қазақстандықтардың борышына айналды. Майданға 1 200 мың әскер аттанып, оның жартысы соғыс майданынан оралмады.

Іс-шарада Екінші дүниежүзілік соғыс туралы қысқа метражды фильмдер көрсетіліп, би мен музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуі орын алды. Сонымен қатар, тай қонақтары Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан ұлттық тағамдардың дәмін татты.

 

Барлық жаңалықтар