- Басты
- Жаңалықтар
- Каирде ҰОС Жеңістің 70 жылдығына орай фотокөрме ашылды
Каирде ҰОС Жеңістің 70 жылдығына орай фотокөрме ашылды
Оған мысырлық мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғалары, қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлер, Каирде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары мен қызметкерлері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатында МАР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ясер Мурад және аталған ТМД елшілері құттықтау сөздерін сөйледі. Еліміздің Мысырдағы Елшісі Берік Арын қатысушыларды осы маңызды күнімен құттықтай отырып, жер жүзіндегі бейбітшілікті қалпына келтіру үшін Қазақстанның фашизмді жеңуде қосқан үлесін атап өтті. «Біз бүгінгі қуанышқа толы бейбіт ашық аспанымыз үшін өмірлерін қиып, денсаулықтарын сарп еткен бабаларымыздың ерлігін мақтанышпен еске түсіреміз», – деп атап өтті Елші.
Фотокөрме келушілерді бостандық үшін күрескен адамдардың ұлы қаһармандығы мен ерліктеріне толы Ұлы Отан соғысы тарихымен, сондай-ақ фашизмді жоюдағы қиын кезеңдерімен танысуға мүмкіндік береді. Экспозиция негізіне бұрынғы КСРО елдерінің Кеңес Одағын және Еуропа мемлекеттерін фашистік басқыншылардан азат етудегі рөлі, антигитлерлік коалицияны құру және соғыс жылдарында одақтастардың өзара іс-қимылдарына қатысты аталмыш елшіліктер дайындаған фотоматериалдар кірді. Тақырыптық фотокөрме 2015 жылғы 6-13 мамыр аралығында барлық қалаушылар үшін жұмыс істейтін болады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды