- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынастары келісім бойынша дамып келеді
Н.Назарбаев: Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынастары келісім бойынша дамып келеді
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты өзара ықпалдастықтың, соның ішінде сауда-экономика, отын-энергетика, ғарыш салалары мен мәдени-гуманитарлық саладағы кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Ресей Президенттері өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді де қарастырды.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін шетелге алғашқы ресми сапармен шығып отырғанын айтты.
– Біз 15 жылдан астам уақыт бойы бірге жұмыс істеп келеміз, осы жылдары Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы нығайды. Біз Сізбен Одақтастық туралы шартқа қол қойдық, оның аясында көптеген мәселелер жүзеге асырылуда. Біз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Дағдарыс жағдайында елдеріміздің арасындағы тауар айналымы төмендегеніне қарамастан, ЕАЭО-ның болашағы зор деп есептеймін. Елдеріміздің екіжақты қарым-қатынастары жасалған уағдаластықтарға сай дамып келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті сондай-ақ В.Путинді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.
Владимир Путин де Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына үмітін білдірді.
– Елдегі соңғы жылдардағы өзгерістер, Қазақстан азаматтарының сайлау науқанына қалай қарайтыны, олардың Сіздің атқарған жұмысыңызға қалай баға беретіні – ең құндысы осы. Біздің екіжақты байланыстарымыз бұдан әрі де қарқынды және сайлауға дейінгі жылдардағыдай жемісті болатынына сенімдімін, – деді Ресей Президенті.
Сондай-ақ В.Путин интеграциялық үдерістер саласындағы бастамалары үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
– Бүгінде біздердің жасап жатқанымыздың, экономикалық одағымызды тереңдете түсу бағытындағы қосымша қадамдардың дені Сіздің еңбегіңіз. Сіздің Кеден Одағын, ал сосын ЕАЭО-на құру туралы бастама көтеріп, сөйлеген кезіңіз менің өте жақсы есімде. Ең бастысы, Қазақстанның өз дамуымен де, интеграциялық үдерістердің өрістеуімен де байланыстының барлығы жүзеге асуда, – деді Ресей Президенті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары