• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Египеттің Мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жайын сөз етті

Қазақстан мен Египеттің Мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жайын сөз етті

9 Мамыр, 2015 10:31
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу шаралары аясында Египет Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

 

 

Екі елдің мемлекет басшылары саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ қарым-қатынастардың одан әрі даму келешегін талқылады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбдел Фаттах ас-Сиси халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. 

Бұған қоса, Қазақстан мен Вьетнам басшысы екі елдің сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын қарастырды.

Қазақстан мен Вьетнам Президенттері халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де қозғады.

Сонымен қатар Чыонг Тан Шанг Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен тағы да құттықтады. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар