- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында көктемгі-дала жұмыстарына қатысты мәселелер талқыланды (ФОТО)
Қызылорда облысында көктемгі-дала жұмыстарына қатысты мәселелер талқыланды (ФОТО)
Жыл сайын Қызылорда облысында егіс жұмыстарына 21 мың тоннадан астам күріш дәні қажет болады. Қазір шаруалар негізінен ресейлік тұқымдарды себеді. І.Жақаев атындағы ғылыми-зерттеу институтында біздің климатымызға қолайлы тұқымдармен бірқатар тәжірибелер жүргізіліп, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Өндірісте жергілікті тұқымдардың үлесі 30 пайызға жуық, келесі жылы бұл меже 50 пайызға жетеді.
Мәжіліс Шіркейлі ауылындағы «Мәди Қажы» шаруа қожалығының егіс алқабында өтті. Шаруашылықтардың иелері мен жұмысшылар жер өңдеу мен өсімдік шаруашылығына қатысты тәжірибелерімен бөлісті. «Мәди қажы» шаруа қожалығы биылғы жылы күрішті 2 мың 500 гектар жерге екшпекші, бүгінгі таңда 1 мың 500 гектар жер егілген. Шаруашылықтың бас агрономы Мешітбай Спановтың мәліметтерінше, өткен жылы жер тегістеліп, қазір егіс жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуларынша, тегіс жер инновациялық технологияларды дайындауға қолайлы. Бұл дәннің өнімділігіне де оң әсере етеді. Ал шет мемлекеттерде субсидия тек жерді тегістеп алған соң ғана күріш егетін шаруаларға беріледі екен.
Қорыта айтқанда, жиында өзекті мәселелер талқыланды. Биылғы жылы 164,1 гектар жерге егіс егу жоспарлануда. Олардың 76,3 мың гектары күріш егуге бөлінген. Қазір қызыордалық күріш егістік алқаптың 36 пайызына егілген. Ауа райының қолайлы болуына байланысты биыл шаруалар егіс жұмыстарын ерте бастады. Тұқым мен жанар-жағар май қажетті мөлшерде бар, алайда су тапшы болуы мүмкін. Сондықтан суды үнемдеу керек. Ал өсімдік шаруашылығын әртараптандырудың аясында тамшылатып суару әдісімен жүгері мен қызылша өндіріледі.
«Облыстың ауыл шаруашылығы саласында бірқатар кеңауқымды жобалар жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек. Бізге сапалы өнім алуды үйрену керек, осы бағытта Краснодар өңірімен тығыз байланыс орнаған. Қазір кәрістер де бірлескен қимылдарға ынталы. Бізге күріш өсірумен айналысатын елдің тәжірибесін үйрену керек»,-деді облыс әкімі.
Күріш өсірумен айналысатын ғылыми-зерттеу институтының директоры Әсет Тоқтамысов соңғы 2-3 жылдың көлемінде күріштің жергілікті тұқымы өсіріліп жатқандағын атап өтті. Нәтижесінде қазір өнімділігі жоғары, ылғалды ұстап тұратын, ауруларға бейім емес тұқым пайда болды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды