- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әскери қызметшілері БҰҰ медальдарымен наградталды
Қазақстанның әскери қызметшілері БҰҰ медальдарымен наградталды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Батыс Сахардағы (MINURSO) референдумды өткізу кезіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік миссиясын орындау барысында қазақстандық офицерлер капитан Бақтияр Ақбалаев пен капитан Темірлан Мүсәпіров БҰҰ медалдарымен наградталды.
Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚАЗБРИГ» қазақстандық бітімгершілік бригадасының 4 офицері Батыс Сахарадағы референдумды өткізу кезіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі БҰҰ миссиясында бақылаушылар ретінде қызмет атқаруда. Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2 офицері ағымдағы жылдың наурызынан бастап Кот-д’Ивуардағы БҰҰ бітімгершілік миссиясында (UNOCI) әскери бақылаушы болып жүр.
ҚР Парламентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамынан БҰҰ бітімгершілік миссияларының әскери бақылаушылары ретінде 20 әскери қызметші іріктеліп, Гаитиде, Батыс Сахарада, Кот-д’Ивуарда және Либерияда қызмет етуге даярланды.
Қазіргі уақытта Батыс Сахардағы (MINURSO) БҰҰ бітімгерлік миссиясына «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонынан бір офицерді әскери бақылаушы ретінде жіберу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер