• Басты
  • Польшада ҰОС қазақ тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті
9 Мамыр, 2015 12:31

Польшада ҰОС қазақ тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті

2015 жылы 7 мамырда Варшаваны 1945 жылы қаңтарда азат ету кезінде қаза тапқан 22 мың кеңестік жауынгерлер жерленген қалалық әскери-мемориалдық зиратта Жеңістің 70-жылдығына арналған салтанатты рәсім өтті.
Польшада ҰОС қазақ тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті

Гранитті ескерткіш түбіне гүл шоқтарын қою рәсіміне Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения және Өзбекстан дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, жергілікті әкімдік, соғыс ардагерлер ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Варшава әскери гарнизоның қолбасшылығы ескерткішке құрметті қарауыл және әскери оркестр жіберді.

Варшаваның Жвирка и Вигура көшесінде орналасқан мемориалды кесене 1950 жылы ашылған.19,2 гектар жер теліміндегі зиратта Варшаваны азат ету кезінде қаза тапқан 22 мың кеңес жауынгері жерленген. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Зират орталығында 38 метрлік ескерткіш салынған. Оның түбіне қала тұрғындары гүл шоқтарын әкеліп қояды. Мемориалдық тақтада поляк және орыс тілдерінде: «1944-1945 жылдары Польшаны фашистік басқыншылардан азат ету жолында жан берген Кеңес Әскері жауынгерлеріне мәңгілік даңқ» делінген. Ескерткіштің екі жағында мүсінші Е. Ярнушкевичтің «Қаһармандық» және С. Лисовскийдің «Жанкештілік» атты қызыл әскер жауынгерлерінің мүсіндері орналасқан.

Ал, осы салтанатты рәсімнен бір күн бұрын Польшаның басқа қаласы Ченстоховода Қазақстан Елшісі Е. Өтембаев және Ченстохово қаласының Мэрі К. Матиясщык Польшаны фашист басқыншыларынан азат ету жолындағы қиян-кесті ұрыстарда жан қиған қазақстандық жауынгерлерді еске алды. Ченчтохово қаласының әкімдігі және ҚР Польшадағы Елшілігі Польшаға әкесі Кабдулғазы Садықовтың мазарын іздеп келген қазақстандық азамат Мұхтар Кабдулғазинге жан-жақты қолғабыс көрсетті. Сондай-ақ, қала әкімдігі мен Елшілік осы өңірде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер тізімін әзірлеп, олардың Қазақстандағы туыстарына хабарлау туралы келісімге келді.

Ұлы Отан соғысы жылдары Польша аумағында 600 мыңнан астам кеңес жауынгерлері қаза тапқан.

Барлық жаңалықтар