- Басты
- Жаңалықтар
- Ержүректілік пен батырлықтың арқасында біз жауды жеңдік (ФОТО)
Ержүректілік пен батырлықтың арқасында біз жауды жеңдік (ФОТО)
Шараға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Мұқанов, облыстық партия филиалының ұжымы, аудан әкімшілігі, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында филиал басшылығы ардагермен пікір алмасып, «Нұр Отан» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің құттықтау хаты мен партия атынан сыйлық табыстады. Артынша, ардагер келген қонақтарға алғысын айтып, батасын берді.
«Кезінде от пен оқтың арасында Отан үшін жанын құрбан еткен қаншама жандар ажал құшты. Ержүректілік, батылдық таныта білгенның арқасында жауды жеңдік. Бүгін міне осындай бейбіт күн кешудеміз. Елімізде ешқашан соғыс болмасын. Мемлекетіміз гүлдене берсін! Елбасымыз аман болсын!»,- дейді Кеңес Одағының батыры Иван Косенков.
Айта кетейік, соғыс жылдары Алматы облысынан 120 026 адам жұмылдырылды. Оның ішінде қаза болғаны – 57 459 адам, оның ішінде із-түсіз жоғалғаны – 25 760 адам. Бүгінде облыс бойынша көзі тірі - 343 ардагер бар.
Ұлы Отан соғысы жылдары Алматы облысынан майданға шақырылған азаматтардан Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғаны – 53 адам.
Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша жалғыз Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич КОСЕНКОВ тұрады, 1923 жылы 1 қаңтарда туған ол отставкадағы сержант. 1941 жылы 27 желтоқсанда Бородулиха АӘК шақырылған. 1118 атқыштар полкінде қызмет еткен, 76 мм зеңбіректің көздеушісі. Кеңес Одағының батыры атағына 1943 жылы Днепр өзенінен соғыса өту кезінде ұсынылды. Кеңес Одағының батыры атағы 1944 жылдың 22 ақпанында № 4943 берілді. «Алтын Жұлдыз» медалі мен Ленин ордені және Кеңес Одағының маршалы Жуков атындағы ордендерінің кавалері, I, II дәрежелі Ұлы Отан соғысы және «Құрмет», «Барыс» ордендерімен марапатталған.
Батырға «Қаратал ауданының құрметті азаматы», «Құрметті теміржолшы» атақтары берілген. Сонымен қатар, Үштөбе қаласында И.Косенков көшесі мен бастауыш партия ұйымы бар.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері