• Басты
  • Мәскеу метросында Қазақстанның ұлы Жеңіске қосқан үлесін баяндайтын арнайы пойыз жолға шықты
9 Мамыр, 2015 14:38

Мәскеу метросында Қазақстанның ұлы Жеңіске қосқан үлесін баяндайтын арнайы пойыз жолға шықты

Биылғы жылдың 7- мамырында «Сокол» электродепосында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы 12 постерден құрылған экспозиция орнатылған арнайы «Халық жасағы» атты пойызы жолға шықты.
Мәскеу метросында Қазақстанның ұлы Жеңіске қосқан үлесін баяндайтын арнайы пойыз жолға шықты

Көшпелі экспозиция Қазақстанда құрылып, одан кейін Мәскеуді, Севастопольді, Ленинградты қорғауға, Украинаны азат етуге қатысқан дивизиялардың әскери жолы туралы, басып алынған аумақтарда партизандар қатарындағы қазақстандықтардың батыр істері туралы, сондай-ақ елімізге көшірілген әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындарының майданды жабдықтауға қосқан үлесі туралы баяндап береді.

Қазақтың ұлы ақындары алдыңғы қатарда болған жауынгерлерге, блокадаға түскен Ленинград қаласы тұрғындарына арналған аталы сөздерін жолдап, шығармаларын оларға орындау арқылы рухани қолдау көрсеткені ерекше терең сезінетін тақырыпқа айналды. Мәселен, ұлы Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім менің!» деген жолдау сөздері көпшілікке белгілі. Басқа суреттерде қазақтың кең байтақ даласына көшірілген халықтарды қазақтар жылы қабылдағаны туралы көрсетеді, ал жетім қалғандарды асырап алу кезінде жасаған постерлер мен деректі фильмдер ешкімді енжар қалдырмайды.

Ұтқыр құрылғының иелері «Халық жасағы» пойызындағы суреттерде бейнеленген QR-код  арқылы экспозицияның кеңейтілген нұсқасымен таныса алады. Толығырақ айтқанда, кез келген метро жолаушысы елшілік пен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы бірлесіп әзірлеген Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған бейнероликтерді өздеріне еркін көшіре алады.

Жеңіске арналған, бірыңғай мағыналық композициямен біріктірілген барлық жинағын алғанда, «Халық жасағы» пойызы 50 постермен жасақталған. Жеңіс пойызының экспозициясын қалыптастыруға Ресейлік әскери-тарихи қоғамдастығы, «Вечерняя Москва» газеті редакциясы, Мәскеуді қорғау мемлекеттік мұражайы, 1941-1945 жылдар кезеңінде Ұлы Отан соғысының орталық мұражайы да қатысты. Пойыздағы көрме алдағы жарты жыл кезеңінде жұмыс істейтін болады.

Пойыз экспозициясын ашу рәсіміне Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі Виктор Темірбаев, Мәскеу метрополитені басшысының орынбасары Владимир Погодин және жергілікті ардагерлік қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

Бұл күндері, Қазақстан Елшілігінің қомқорлығымен Ресейдің ең ірі метрополитендерінде Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арнайы ұйымдастырылған бірыңғай жобаның іске асырылуы аяқталуда. 28 сәуірде Санкт-Петербор қаласы метросының үш бағыты бойынша «Жалпыға ортақ – Жеңіс!» деген ұранмен фашизмге қарсы шайқасқа Қазақстанның қосқан үлесі туралы экспозициялармен безендірілген вагондар жүре бастады. Ал мамыр айының басында Қазан қаласының «Жеңіс даңғылы» метро станциясында осы тақырыпқа арналған экспозиция ашылды.

Барлық жаңалықтар