• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті жалпыәскери жарғылар мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі жарлықтарға өзгертулер енгізді

ҚР Президенті жалпыәскери жарғылар мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі жарлықтарға өзгертулер енгізді

8 Мамыр, 2015 17:21
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыәскери жарғылар мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі жарлықтарға өзгертулер енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

 

Барлық жаңалықтар