• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаевтың реформалар бағдарламасы ЕО-мен ынтымақтастыққа жаңа жолдар ашады – А.Бушез

Н.Назарбаевтың реформалар бағдарламасы ЕО-мен ынтымақтастыққа жаңа жолдар ашады – А.Бушез

8 Мамыр, 2015 16:42
Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі басшысы Аурелия Бушез Елбасы Н.Назарбаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

А.Бушез Қазақстанның Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген және болашаққа деген оның көреген болжамынан қуат алған елеулі табыстары елдің экономикалық жетістіктері мен тұрақтылығын, халықтың бірлігі мен келісімін қамтамасыз еткенін атап өткен.  

«Қазақстан Еуропалық одақтың өңірдегі ең басты серіктесіне айналды. «Қазақстан-2050 стратегиясы және Сіз жариялаған, алысты көздеген саяси, экономикалық және құқықтық реформалар бағдарламасы еліңізді тың табыстарға жетелеп, Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім арқылы ЕО-мен ынтымақтастыққа жаңа жолдар ашатынына сенімдімін. Біздің өте жақсы екіжақты ынтымақтастығымыз әрі қарай өрістеп, тереңдей түсеріне, сондай-ақ Қазақстанның көпвекторлы саясатын жалғастыруға өз үлесін қосатынына сенемін. Еуропалық одақ өкілдігі осы мақсаттарды қолдауға бейілді және оған жету үшін мүмкіндігінше үлес қосуға дайын», – делінген құттықтауда. 

Барлық жаңалықтар