• Басты
  • Астанада тұратын тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсетілді - әкімдік
8 Мамыр, 2015 15:46

Астанада тұратын тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсетілді - әкімдік

Астана әкімдігі елордада тұрып жатқан тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсетті, деп хабарлады Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Мейірлан Нарымбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астанада тұратын тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсетілді - әкімдік

«Биылғы жылы Астана әкімдігіне Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың жерленген жерлеріне барып қайту үшін қаржы бөлу жоспарланған. Осы уақытта 60-қа жуық өтініш түсті. Жақын туысыңыздың моласына барып келуге ешқандай да кедергі жоқ»,-деді М.Нарымбетов.  

Бұған қоса, оның сөзінше, ҰОС ардагерлеріне жасалған негізгі жобалардан басқа тыл еңбеккерлеріне де көңіл бөлініп отыр.  

«Олар да ҰОС үлкен үлес қосты. Оларға да материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ шипашай-курорттық демалыс ұйымдастырылған. Сәуір айында біз 50-ден астам  тыл еңбеккерлерін Бурабайға бейімдеу орталығына жібердік, дәрі-дәрмектер алу үшін бір мезгілдік көмек көрсетілді. Біздің тарапымыздан азаматтар өздерін дұрыс сезінулері үшін кез-келген көмек көрсетіледі»,-деді М.Нарымбетов.  

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар