- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ қызметкерлері Жеңіс күніне орай қызметтік борышын атқаруда қаза болған қызметшілерге арналған Монументке гүл шоқтарын қойды (Фото)
ІІМ қызметкерлері Жеңіс күніне орай қызметтік борышын атқаруда қаза болған қызметшілерге арналған Монументке гүл шоқтарын қойды (Фото)
Қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың рухын бір минуттық үнсіздікпен ұлықтады. Монументке гүл шоғырлары қойылған соң, ардагерлер мен шараға шақырылушылар алдында астаналық полиция горнизонының құрылымдары мен ҚР Ұлттық гвардиясы шеру жасап өтті.
Салтанатты шеруден кейін ІІМ Клубында салтанатты жиын өтті. Жиын барысында Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Орталық аппараттың және ІІО аумақтық бөліністерінің қызметкерлеріне наградалар тапсырды.
«Отанымызға деген шексіз адалдық, табандылық пен қажыр-қайратымыз сұрапыл соғыста жеңіске жетуге жетеледі. Сондықтан да фашизмге қарсы соғысқан аға ұрпақ Жеңісінің ұлылығы жыл өткен сайын жарқырай түседі»,- деп атап өтті Рашид Жақыпов.
Іс-шараға келушілер ішкі істер органдарының музей қорларын пайдалана отырып, ІІМ Клубының фойесінде ұйымдастырылған «Жеңіс жолымен!» тақырыбында фотодеректі көрмені тамашалады.
Салтанатты шара ІІМ мәдени орталығының, ҚР Ұлттық гвардиясы ән-би ансамблінің мерекелік концертімен аяқталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді