• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда ҰОС ардагерлерін қолдау мақсатында «Қажеттілік картасы» дайындалды

Қазақстанда ҰОС ардагерлерін қолдау мақсатында «Қажеттілік картасы» дайындалды

8 Мамыр, 2015 15:18
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсеткісі келген азаматтардың барлығы үшін «Қажеттілік картасы» жаңа жобасы іске қосылды. Бұл туралы «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов Орталық комуникациялар қызметінде мәлім етті.

«Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры өзінің әріпестерімен бірлесіп, «Қажеттілік  картасы» атты жаңа жобаны іске қосты, яғни кез-келген қазақстандық бүгінде қандай да нақты көмек көрсете алады»,-деді ол.

Е.Ерімбетовтың сөзінше, кез-келген азамат 1,9,4,5 санын теріп, көмек көрсете алады.  

«Сіздер 1,9,4,5 санын тере аласыздар, бұл 1945 жылғы Жеңіс күні, осы санды теріп, оған смс жібересіз, сонда сізден 250 теңге ұсталады. Бұл нөмір KCELL мен KMOBILE компанияларында бар»,-деді ол.

Бұған қоса, Н.Ерімбетовтың сөзінше,  портал арқылы нақты бір ардагерге мекен-жайын көрсету  арқылы көмек көрсетуге болады.

«Сіз тұратын жері мен көшесінің, ұйінің нақты мекен-жайын көрсете отырып, өзіңіз білетін адамға көмек көрсете аласыз. Бұл үдерістің барлығы ашық, кімнің не үшін алғаны, бәрі көрініп тұрады. Меніңше, бұны елдік жоба деуге болады, өйткені оған барлығы қатыса алады»,-деді Қазақстанның азаматтық альянсының президенті.     

Индира Кауметова

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар