• Басты
  • Жаңалықтар
  • Соғыс ардагерлеріне көрсетілетін материалдық көмек 600 млн теңгеге дейін көбейтілді – Самұрық-Қазына

Соғыс ардагерлеріне көрсетілетін материалдық көмек 600 млн теңгеге дейін көбейтілді – Самұрық-Қазына

8 Мамыр, 2015 15:03
Ұлы Отан Жеңісінің 70 жылдығына орай ардагерлерге көрсетілетін материалдық көмек 600 млн теңгеге көтерілді, деді «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі бас директоры Дархан Қалетаев ОКҚ брифингінде.

«2014 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ компания топтары ардагерлер мен дәрежелес адамдарға 130 млн теңге бөлді. Осы жылы мейрамға орай ол сома 600 млн теңгеге көтерілді», - деді ол.

Оның айтуынша, «Жеңіс-70» жобасы аясында Қазақстанның ардагерлер одағымен бірлесіп әлеуметтік жобалар жүзеге асты.

«Біз «Дабыл түймешелері» жобасын жүзеге асырдық. Үш ай ішінде ардагерлерге 4115 құрылғы үлестірілді, бүгінде 500 қоңырау жүзеге асырылды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар